Біз туралы

HYUNDAI TRANS KAZAKHSTAN

«Астана Моторс» ҚМК еншілес кәсіпорны Hyundai Trans Kazakhstan – қазақстандық нарықты жаңа автокөліктермен толтырып, оларды ТМД елдеріне экспорттауға мүмкіндік беретін отандық автоөнеркәсіпті дамытуға арналған стратегиялық нысан.

Жоба ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен іске асырылады.

Зауыт аумағы – Алматы қаласының Индустриалды аймағындағы 25 гектарда орналасқан 34 мың ш. м. Кәсіпорынның бірінші кезеңдегі қуаты – жылына 30 мың бірлік, екінші кезеңде – 45 мыңға дейін. Инвестициялардың жалпы көлемі – 28 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 30 % - «Астана Моторс» компаниясының өз қаражаты, 70% – «Қазақстан Даму Банкі» мен «ҚДБ-Лизинг» АҚ-нан жұмылдырылған кредиттік қаржы.

Автоқұрастыру кәсіпорындары экономиканың дамуына және оны әртараптандыруға елеулі үлес қосады, елдің инновациялық дамуының деңгейін арттырады және білікті мамандардың дамуын қамтамасыз етеді. Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорны шамамен 700 жұмыс орнын ашып, іргелес салалардың дамуына үлес қосады. Бір жұмыс орынның құны 40,1 млн теңгені құрайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, машинажасау іргелес салалардың дамуы үшін мультипликативті әсерін береді, халықтың жұмыспен қамтуын арттырады және осылайша елдің бәсекеге қабілеттілігін жалпылай қамтамасыз етеді. Санаулар бойынша, зауыттағы бір жұмыс орны іргелес салалардағы (сервис, сатулар, логистика, сақтандыру, банк секторы, маркетинг, автобөлшектерді өндіру) 15 жұмыс орындарға дейін береді.

Жартылай бөлшектелген алғашқы автокөлік өндіріс желісінен 2020 жылғы сәуір айында шығарылды. 2020 жылдың күзінде тұтастай бөлшектеу желісі, соның ішінде дәнекерлеу және бояу операциялары іске қосылды.

Болашақта «Астана Моторс» автобөлшектер өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Осылайша компания отандық автоөнеркәсіп саласын дамыту, 51 % локализацияны қамтамасыз ету бойынша мақсатына қол жеткізеді.

Hyundai Trans Kazakhstan зауытында дәнекерлеу, бояу, жинау, пластик бөлшектерді бояу цехтары және бөлшектер қоймасы бар. Кәсіпорын Оңтүстік Кореяда шығарылған Hyundai Motor Company, Obara, Korea Hoist, Durr Korea, Korea Tech, Hyundai Rotem және т.б. ең жаңа жабдықтармен жасақталған. Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Hyundai Motor Company талаптарына сай келеді және Еуропада, АҚШ-та және Азияда әлемдік деңгейдегі зауыттарды сертификаттайтын VCA (Ұлыбритания), RDW (Нидерланд) және TÜV Rheinland Korea сияқты танымал компаниялардың сертификаттау құжаттарына ие. Зауыт экологиялық стандарттардың барлық талаптарын ескере отырып салынған. Бояу цехы ауа мен суды сүзгілеу жүйелерімен қамтамасыз етілген.

2019 жылдың 21 сәуірінде Оңтүстік Корея Сауда, индустрия және энергетика министрі Сон Юн-Мо мырзаның, Hyundai Motor Company стратегия жөніндегі президенті Конг Ян Вун мырзаның және Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, ал қазір Қазақстан Республикасының Премьер министрі орынбасары Роман Скляр мырзаның қатысуымен Алматы қаласындағы болашақ зауыттың негізіне капсула салу рәсімі өткенін естеріңізге саламыз.