2019 ЖЫЛ "АСТАНА МОТОРС" КОМПАНИЯСЫ ҮШІН РЕКОРДТЫ БОЛДЫ


2019 жылдың қорытындысы бойынша, "Астана-Моторстың" жалпы сатылымы 48%-ға өсіп, 21 558 бірлікке жеткен (2018 жылы – 14 519 бірл.), сәйкесінше, 2019 жылы компанияның үлесі шамамен 30%-ды құрады (өткен жылғы 24%-бен салыстырғанда).

Осылайша, компанияның сатылымы нарықтан екі есе жылдам өсу үстінде. Бұл сату көлемі тұрғысынан алғанда, "Астана Моторс" үшін алғаш құрылған сәттен бастап рекордты көрсеткіш.

Автомобиль сатудың өсуі елдегі жағымды экономикалық жағдаймен және тиімді кредиттеу бағдарламаларымен түсіндіріледі. Әрі мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдікпен кредит беру үлесі компания сатылымының 10%-ын құрайды, ал 70% өзге қаржылық бағдарламалар арқылы кредитке сатуға тиесілі.

"Біз Қазақстан нарығының 2015-2016 жылдардағы құлдыраудан кейін қайта қалпына келе бастағанын көріп отырмыз. Мұны соңғы жылдардағы автомобильдерді сатудың және өндірудің тұрақты түрде өсуі дәлелдеп отыр. Жылдық қорытындыға сәйкес, сала бойынша жалпы жағдайдың жақсаруы елеулі нәтиже көрсеткен "Астана Моторстың" да көрсеткіштеріне өз ықпалын тигізді – біздің сатылым нарықтан да тез өсті, бұл компанияның нарықтағы үлесін шамамен 30%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді", – деп атап өтті "Астана Моторс" ҚМК президенті Нұрлан Смағұлов.   

Екі бренд сатылым рекордын жаңартты

Өткен жылы компания портфеліндегі қатарынан екі бренд рекордты сатылым көрсетті – Hyundai және BMW. Басты драйвер Hyundai бренді атанды. 2019 жылы Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторы 14 853 автомобиль сатты, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 70%-ға артық. Осылайша, Hyundai Қазақстандағы №1 брендке айналды. "Бавария автоорталығы" да 2019 жылы 650 автомобиль сатып, жаңа рекорд орнатты. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда (2018 жылы – 516 бірл.) 26%-ға артық.  

2019 жылғы "Астана Моторс" портфеліндегі үздік 10 модель

2019 жылғы "Астана Моторс" портфеліндегі үздік 10 модель келесілер:

  • Hyundai Tucson (4765 бірл.)
  • Hyundai Accent (3565 бірл.)
  • Hyundai Creta (2725 бірл.)
  • Hyundai Elantra (2684 бірл.)
  • Toyota Camry (1836 бірл.)
  • Hyundai Santa Fe (1100 бірл.)
  • Toyota Land Cruiser Prado (503 бірл.)
  • Subaru Forester (439 бірл.)
  • Toyota Corolla (429 бірл.)
  • Toyota Rav4 (364 бірл.)
1

Trade-In

Компания жаңа автомобильдерді сату бағытының ғана емес, сондай-ақ Trade-in бағдарламасы бойынша, жүрілген автомобильдерді сатудың да келешегі зор екенін көріп отыр. Мысалы, 2019 жылы «Астана Моторс» Trade-in аясында 3 659 автомобиль сатты, бұл бір жыл бұрынғыдан 62%-ға артық. 2020 жылға осындай автомобильдерді сату 64% – 6 000 бірлікке дейін өседі деп күтіліп отыр. «Астана Моторс» желілерінде жүрілген автомобильдерді сату сонымен қатар өзіндік арнайы жүрілген автомобильдерді сататын автоорталық – Next Car ашылуымен байланысты болады деп күтілуде. 2019 жылы осындай автоорталық Алматыда ашылып үлгерді. 2020 жылы екі үлкен мамандандырылған автоорталықтың құрылысы Нұр-Сұлтан мен Алматыда басталады.   

Коммерциялық техниканы өндіру

Hyundai Trans Auto автоқұрастыру кәсіпорны 2019 жылы коммерциялық техниканың 493 бірлігін өндірді (2018 жылы – 224 бірл.). Мұнда жүк автомобильдері мен Hyundai, МАЗ, Golden Dragon  автобустары шығарылады.

2019 жылы компания Golden Dragon автобустарын құрастыруды ретке келтірді, сондай-ақ балқытып біріктіру және бояу бойынша күрделі технологиялық операциялар есебінен жергіліктендіруді арттыру мәселесін қарастырып отыр. Модельдер қатары көлемі 8,5 м-ден 18 м-ге дейінгі автобустар арқылы ұсынылған және олар қозғалтқыштың үш типімен қамтамасыз етіле алады: дизельді, газды немесе электрлі. Golden Dragon-ның Қазақстанда өндірілген алғашқы партиясы қазірдің өзінде Алматы және Қарағанды автопарктеріне табысталып үлгерді. Естеріңізге сала кетсек, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «БРК-Лизинг» АҚ бағдарламасы аясында тасымалдаушылар автобустарды шарт құнының 15%-ын алдын ала төлем жасай отырып, жылына теңгемен 7% кредиттік мөлшерлемемен 7 жылға қаржы лизингісіне ала алады.

2019 жылы «Астана Моторс» Hyundai Trans Auto-да өндірілген жалпы саны 180 жедел жәрдем автомобильдерін Нұр-Сұлтанға, Алматы мен Шымкентке жеткізуді жүзеге асырды. 2020 жылы жедел жәрдем автомобильдерін жеткізуді 350 бірлікке дейін арттыру жоспарланып отыр.   

2

Жеңіл автомобильдер зауыттарын тұрғызу

2019 жылы сәуірде Алматының индустралды аймағында жеңіл автомобильдер зауытын тұрғызу бойынша капсула төселді. Алты ай ішінде құрастыратын, балқытып біріктіретін цех және пластик бөлшектерді бояу цехы, сондай-ақ компоненттер қоймасы бой көтерді. 2019 жылдың желтоқсанында автомобильді жаңа жабдықпен алғашқы тестілі ірі түйінді құрастыру жүргізілді. Қазіргі таңда бояу цехін монтаждау жүзеге асырылуда. 

Мұнда Оңтүстік Корея, Жапония және Италияда өндірілген ең жаңа технологиялық жабдықтарда Hyundai-дың барлық модельдер топтамасы құрастырылатын болады. Бірінші кезеңде зауытта ірі түйінді құрастыру іске қосылды, 2020 жылдың қыркүйегінде ұсақ-түйінді құрастыру (СКD) мен келесі процестерді іске қосу жоспарланып отыр: шанағын дәнекерлеу және бояу, пластик бөлшектерді бояу, сондай-ақ автомобильдің интерьері мен экстерьерін құрастыру желілері. Кәсіпорынның қуаттылығы бастапқы кезеңде жылына 30 мыңға дейін автомобильді құрайды, ал екінші кезеңде – шамамен 45 мың.  

Зауытта 700 жұмыс орны ашылады, олардың әрқайсысының құны 35,7 млн теңгені құрайды, ал бір адамға шаққандағы өнімділік жылына 249,6 млн-ға жетеді. Бұл жоғары технологиялы, жалақысы жоғары еңбек болады.

Алғашқы автомобиль конвейерден 2020 жылы шығады деп күтіліп отыр.

Басты қаржылық көрсеткіштер

2019 жылдың қорытындысы бойынша, «Астана Моторс» ҚР автомобиль саласындағы ең ірі салық төлеуші атанды. Мемлекеттік бюджетке салынған салықтық және кедендік салым 15,764 млрд-тан астам теңгені құрады. Компанияның 2019 жылдағы жалпы айналымы 267,8 млрд теңге болды.  

Компанияның болжамы. 2020-шы жылға жоспарлар

Компания 2020 жылға өз алдына өр мақсаттар қойып отыр – сатылым көлемін 26%-ға арттыру, бұл 27 000-нан астам автомобильді құрайды. Келіп жеткен жылда «Астана Моторс» қазақстандық автомобиль сүйгіштерге Hyundai брендтің жаңа модельдерін (Accent, Elantra, Santa Fe және Palisade), сондай-ақ BMW X1 мен 5-ші сериялы BMW-ны ұсынады. 

Жаңа автомобильдерді сатуды арттырумен қатар компания Trade-in бағдарламасы бойынша автомобильдерді сату көлемін өсіруді де жоспарлап отыр. 2020 жылы мұндай автомобильдерді сату көлемі 64% – 6000 бірлікке дейін көтеріледі деп күтіл

Өткен жылы компания Атырау, Өскемен, Ташкент секілді қалаларда Hyundai дилерлік желісінің дамуын жалғастырды. 2020 жылы Hyundai дилерлік орталығын Қарағандыда ашу, сондай-ақ Алматы мен Ташкентте осы брендтің қосымша дилерлік орталықтарын іске қосу жоспарланып отыр.