SOS БАЛАЛАР АУЫЛЫ HYUNDAI TRANS KAZAKHSTAN ЗАУЫТЫНДА


Нұрлан Смағұлов қоры мен "Астана Моторс" компаниясы "SOS балалар ауылының" түлектері үшін Hyundai Trans Kazakhstan зауытына арнайы экскурсия ұйымдастырды.

Қазіргі таңда колледждерде оқитын студенттер автокөліктердің қалай жасалатындығын өз көздерімен көріп, мекемеге әртүрлі мамандықтар бойынша жұмысқа орналасу, тәжірибе жинақтау мүмкіндіктері жайлы танысты. Айта кетейік, өндіріс орнының қызметкерлері үшін елімізде және шетелдерде біліктіліктерін арттыру курстары, медициналық сақтандыру, тамақтану, зауытқа жеткізу, спорт залдарға абонемент қарастырылған, жатақхана мен балабақша салу жоспарда.  

Балаларды жаздың келуімен құттықтаймыз, жақсылап демалып, жаңа оқу жылында жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!