Сеулдегі Hyundai олимпиадасы: автокөлік ісінде қалай чемпион болуға болады
Informburo.kz "Астана Моторс" компаниясымен бірлесіп, жетекші автомобиль компанияларының бірінде техникалық мамандарды кәсіби даярлау процесін талқылады.
"Астана Моторс" компаниясы үшін 2021 жылдың күзі оқиғаларға толы болды: жаңа модельдерді сатудың басталуы, Қазақстан үшін жаңа автомобиль брендінің нарыққа шығуы, Машина жасаушы күні және Автомобильші күні, жеңіл автомобильдер шығаратын Hyundai Trans Kazakhstan зауытының туған күні және Оңтүстік Кореядағы Hyundai World Skill Olympics техникалық мамандардың халықаралық олимпиадасы.
Естеріңізге сала кетейік, "Астана Моторс" компаниясының құрамына Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Орал, Өскемен, Шымкент, Талдықорған, Көкшетау, Семей және Тараз қалаларындағы 21 автоорталықтан тұратын дилерлік желісі бар Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторы кіреді.
Осындай автоорталықтардың бірінің техникалық маманы Егор Завьялов ТМД елдерінің дилерлік орталықтарының ең мықты механиктерінің бестігіне кірді және 2021 жылдың қазан айында Сеулде өтетін техникалық Олимпиадаға қатысады.
Informburo.kz қазіргі заманда ең қажетті мамандықтардың бірінің өкілі болу қалай екенін анықтады.
2021 жылдың мамыр айында ТМД елдерінің 149 Hyundai дилерлік орталықтарының 386 қызметкері техникалық мамандардың сегізінші өңірлік Олимпиадасына қатысуға Мәскеуде жиналды.
Hyundai Auto Kazakhstan өкілдері, Қазақстаннан келген олимпиада финалистері, олимпиаданы ұйымдастырушылардың өкілі, Мәскеу қ.
Біздің елден жарысқа техникалық мамандар - Hyundai Center Pavlodar дилерлік орталығынан Егор Завьялов және Hyundai Center Semey дилерлік орталығынан Григорий Минтян қатысты.
Олар 20 Hyundai дилерлік орталығынан келген 56 қазақстандық механик арасындағы іріктеу жарыстарында бірінші және екінші орындарды иеленіп, Ресейде өткен өңірлік Олимпиадада Қазақстанның намысын қорғап қайтты.
Мәскеудегі олимпиадада Егор мен Георгий Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Қазақстанның 40 үздік техникалық мамандарының қатарында финалға шықты.
Мәскеудегі жоғары нәтижелері үшін финалистерге ТМД-ның Hyundai Motor штаб-пәтерінен естелік сыйлықтар табыс етілді. Hyundai Auto Kazakhstan ресми дистрибьюторы да өз қызметкерлерін марапаттады – Григорийге 500 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық, ал Егорға – Мысырға жеті күндік туристік сапарға екі адамға сертификат табыс етілді. Сонымен қатар, Егор Завьялов екі жылда бір рет әлемдегі ең ірі автоөндірушілердің бірі Hyundai Motor Company өткізетін Оңтүстік Кореядағы Халықаралық олимпиадада біздің еліміздің намысын қорғау құқығына ие болды. Қазір Егордың олимпиадаға қатысуға дайындығы қызу жүріп жатыр.
Егор Завьялов, Hyundai Center Pavlodar техникалық маманы бір кездері ақпараттық технологиялар факультетінде арнайы орта білім алған. Егор автокөлік ісі саласында дамудың жақсы мүмкіндіктерін көріп, кәсіби тағдырын осы саламен байланыстыруға шешім қабылдады. Мамандығы бойынша сегіз жылға жуық жұмыс істейді. Павлодардың екі автосалонында тәжірибе жинап, Hyundai Center Pavlodar-дағы бос орынға іріктеуден өтті.
Григорий Минтян, Hyundai Center Semey техникалық маманы, бұл мамандық бойынша 15 жылдық тәжірибесі бар. Hyundai дилерлік орталығы ашылған күннен бастап жұмыс істейді.
Hyundai Premium Almaty дилерлік орталығы. Солдан оңға қарай Егор Завьялов, Геннадий Цой, Григорий Минтян, Алматы қ. / Алмаз Төлекенің фотосуреті
Қазақстанға оралғаннан кейін, Егор мен Григорий үшін "Астана Моторс" және Hyundai Auto Kazakhstan Павлодар мен Семейден келген әріптестері үшін арнайы ұйымдастырған Алматы қаласына саяхат тосын сый болды. Геннадий Цой, оқу орталығының басшысы, Hyundai сертификатталған тренинг-менеджері және бүкіл Қазақстан бойынша Hyundai техникалық мамандарының тәлімгері, дербес гид рөлін өзіне алды.
Hyundai дилерлік орталықтары қызметкерлерінің – техникалық мамандар Олимпиадасы финалистерінің (Мәскеу қ.) Алматы қаласына жасаған туры / Серіктес ұсынған бейне.
Оқиғаға толы экскурсиялық маршруттағы бірінші белгіленген пункт – Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автомобильдер шығаратын зауыт. Бұл Егор мен Григорий баруды армандаған Алматыдағы басты нысан.
Hyundai Trans Kazakhstan зауыты. Солдан оңға қарай Григорий Минтян, Егор Завьялов, Геннадий Цой, Максим Тарасов, кәсіпорын директоры, Алматы қ. / Алмаз Төлекенің фотосуреті
Қазан айында Hyundai Trans Kazakhstan зауытына бір жыл толады. Кәсіпорын 2020 жылдың 15 қазанынан бастап, шанақтарды дәнекерлеу және бояу, пластикалық бөлшектерді бояу, компоненттерді құрастыру және жинақтау цехтары ресми түрде іске қосылған кезде толық жұмыс істей бастады. Техникалық ашылғаннан бері зауыт 25 мыңнан астам автомобиль шығарды.
Hyundai Trans Kazakhstan зауыты, бояу цехы, Алматы қаласы
Автокөлік жасау процесінде ең әсерлі сәттердің бірі – катафорез желісінде шанақты бояуға дайындау, айта кетейік мұнда болашақ модель дәнекерлеу цехынан келіп түседі.
Hyundai Trans Kazakhstan зауытында Егор мен Григорий өздері жұмыс істейтін автоорталықтарға келіп түсетін және өздері қызмет көрсететін Hyundai автомобильдері қалай шығарылатынын көрді.
Hyundai Trans Kazakhstan зауыты, катафорез желісі, Алматы қ. / Алмаз Төлекенің фотосуреті.
Кез келген кәсіпорындағы алтын ереже – барлық өндірістік процестерді дәл сақтау. Бұл күрделі командалық жұмыс. Автомобильдердің сапасы Hyundai халықаралық стандарттарына сәйкес болуы үшін Hyundai Trans Kazakhstan мамандары әрбір кезеңде Нyundai Motor Company бекіткен процесс бойынша технологиялық операцияларды нақты орындайды.
Кез келген компанияның жетістігі – қызметкерлеріне байланысты. "Астана Моторс" және Hyundai Auto Kazakhstan қызметкерлерінің, әсіресе жұмысшылар мен техникалық мамандардың біліктілігін арттыруға ерекше назар аударады.
Hyundai Trans Kazakhstan зауыты, Алматы қаласындағы Hyundai оқу орталығындағы практикалық сабақтар.
Hyundai қазақстандық оқу орталығының жетекшісі Геннадий Цой айтқандай, компания қызметкерлері 2004 жылдан бері тұрақты түрде оқытылуда. 2019 жылдың ақпан айынан бастап оқыту Мәскеудегі Hyundai академиясының Learning Management System (LMS) онлайн-платформасы базасында өтеді: "Hyundai дилерлік орталығының қызметкері тіркеліп, Мәскеудегі Hyundai академиясының LMS оқыту жүйесіне қол жеткізеді. Қызметкердің лауазымына байланысты LMS оған үш деңгейдегі оқу бағдарламасын ұсынады: Level 1 ("Базалық"), Level 2 ("Сарапшы"), Level 3 ("Шебер"). Бағдарламаның оқу жоспарына электронды курстар, вебинарлар кіреді. Сонымен қатар, академияда күндізгі бөлімде оқуға болады. Тренингтерді Нyundai Motor Company сертификаттаған ресейлік және қазақстандық нұсқаушылар, сондай-ақ ТМД және Еуропа елдерінен тартылған бизнес-жаттықтырушылар өткізеді".
Оқу орталығының негізгі міндеті – Hyundai дилерлік орталықтарының қызметкерлерін даярлау, оқыту, олардың дағдыларын жетілдіру. Бүгінгі таңда оқу орталығында Қазақстандағы Hyundai дилерлік желісінің 600-ге жуық қызметкері білімін жетілдірді.
Hyundai Premium Almaty дилерлік орталығы, сервис орталығы, Алматы қаласы / Алмаз Төлекенің фотосуреті.
Hyundai Auto Kazakhstan техникалық мамандарының халықаралық аренадағы жетістіктері
- 2013 год – Сергей Тупиченко, электрик-диагност, Hyundai Auto Almaty дилерлік орталығы, Алматы қ., – Skills Olympic (Оңтүстік Корея) халықаралық олимпиадасының қорытындысы бойынша "Автоматты трансмиссиялар" санатында қола жүлдегер.
- 2015 жыл – Леонид Базан, Hyundai Auto Astana дилерлік орталығы, Нұр-Сұлтан қаласы, – Skills Olympic (Оңтүстік Корея) халықаралық олимпиадасының қорытындысы бойынша техникалық мамандардың үздік жиырмалығына кірді.
- 2019 жыл – Сергей Соколов, IV разрядты автослесарь, Hyundai Premium Almaty дилерлік орталығы, Алматы қ., – Ресей мен ТМД елдерінің Hyundai техникалық мамандарының 7-ші Олимпиадасының финалисті.
"Hyundai Center Semey ашылғаннан кейін мен техникалық мамандардың Олимпиадасы туралы білдім. Маған өз күшімді сынап көру қызық болды", – дейді Григорий, – "Біз шын ақаулары бар автомобильдерде сегіз тапсырманы орындадық. Бұл ретте бізге оларды жөндеу емес, ақаулықтарды жою логикасын айтып беруіміз керек еді. Сондай-ақ бізге автомобильдердің жекелеген компоненттері мен электроника диагностикасы бойынша тапсырмалар берілді. Мойындауым керек, тапсырманың бұл бөлігінде маған қиын болды, өйткені әдеттегі өмірде мен қозғалтқыштардың механикалық жұмыстарын орындаймын. Бірақ, екінші жағынан, даму керек жақтарымды біліп алдым".
"Мен басқа елдерден келген олимпиаданың қатысушыларымен өткен жарыстарда практикалық жұмыс жылдары жинақталған білімімді тексеруді ұйғардым. Іріктеу екі кезеңнен тұрды: тестілеу түріндегі теориялық бөлім және біздің біліміміз бен мүмкіндіктерімізді бағалаған ТМД-ның жетекші сарапшыларымен онлайн-режимдегі емтихан. Тапсырмалар қиын, бірақ қызықты болды", – дейді Егор.
Hyundai Premium Almaty дилерлік орталығы, сервис орталығы, Алматы қаласы / Алмаз Төлекенің фотосуреті.
"Біз өз күшіміз бен мүмкіндіктерімізді орынды бағалаймыз және Мәскеудегі олимпиадада жас әріптестеріміздің табысқа жететініне күмәнданбадық. Осындай халықаралық деңгейдегі жарыстардан кейін біз мамандарымыздың жаңа өсу нүктелерін көріп, оларды одан әрі дамытамыз ", – дейді Геннадий Цой.
Қазір Егор Завьялов Оңтүстік Кореяда өтетін Халықаралық олимпиадаға онлайн режимде дайындалуда. Мәскеудегі Hyundai академиясы мен Алматыдағы Hyundai оқу орталығының тәлімгерлері оның даярлығына жетекшілік етеді. "Сеулдегі Олимпиада басқа елдердің қатысушыларының кәсіби деңгейін көруге және олардың әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді", – деп санайды Егор.
Григорий Минтян, Егор Завьялов, Hyundai оқу орталығы, Hyundai Trans Kazakhstan зауыты, Алматы қ. / Алмаз Төлекенің фотосуреті.
Жауапты миссияға дайындалудан бөлек, Егор сүйікті ісіне уақыт бөледі. Оның негізгі міндеті – автомобильдерді жөндеу және сервистік қызмет көрсету, қосымша жабдықтарды орнату.
Григорий Минтян – дилерлік орталықтағы "кардиолог", ол автомобильдің жүрегі – қозғалтқышпен жұмыс істейді.
Кейіпкерлеріміздің айтуынша, олардың жұмысында тәртіп пен қызмет көрсету сапасы маңызды.
Defect to Zero – "Нөл ақау", – Hyundai автомобиль зауыттарының ұраны. Сервистегі бренд стандарты – Right Care Right Here – "Осы жерде және дәл қазір сіздерге деген қамқорлықпен". "Егер клиент сервис орталығына жүгінсе, біздің міндетіміз – жедел, сапалы және жоғары деңгейде көмек көрсету", – дейді Геннадий Цой.
Hyundai Premium Almaty дилерлік орталығы, Алматы қ. / Алмаз Төлекенің фотосуреті.
Осылайша, Қазақстан бойынша Hyundai техникалық мамандары жаңа құнды білім алады, біліктілігін арттырады және әлемнің жетекші мамандарының деңгейіне жетеді. "Менің ойымша, Hyundai-де жұмыс істеу арқылы алған білімім тіпті әлемдік деңгейде де бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Бұл компанияда жұмыс істеу шарттары өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін өте ыңғайлы", – дейді Егор Завьялов.
"Қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеруге деген ұмтылысын компанияның мадақтауы маған ұнайды. Бұл бізді мұнымен тоқтап қалмауға және үнемі дамуға итермелейді. Қазір мен тек техникалық жағын ғана зерттемеймін. Маған Hyundai-ге қатысты барлық нәрсе қызық", – дейді Григорий Минтян.
Hyundai техникалық маманы қандай қасиеттерге ие болу керек деген сұраққа оқу орталығының жетекшісі Геннадий Цой былай жауап берді: "Hyundai Motor Company оқыту стандарттары бүкіл әлемде бірдей және талаптар жоғары. Осы талаптарға сай болу үшін, ең алдымен, оны шынымен қалау керек және тынбай еңбек ету керек. Маманның жеке қасиеттері, оқу қабілеті, жаңаға ашықтығы, дамуға, әрқашан білім деңгейін арттыруға деген ниеті маңызды. Біздің қызметкерлер лайықты деңгейде даярланған. Оқу орталығы жастарға өз кәсібінде маман ретінде қалыптасуға, сүйікті ісімен айналысуға және кәсіби өсуге көмектесетініне қуаныштымын. Біз Hyundai қазақстандық командасын мақтан тұтамыз және Егор Завьяловқа Оңтүстік Кореядағы Hyundai World Skill Olympics техникалық мамандарының олимпиадасында жеңіс тілейміз. Іске сәт!".