Премьер-министр «Астана Моторс» өнеркәсіптік кластерімен танысты


Компанияның өнеркәсіптік кластерін дамыту туралы премьер-министрге оның Алматыға жұмыс сапары кезінде баяндады

 

Олжас Бектенов Алматы индустриалды аймағындағы «Астана Моторс» өнеркәсіптік кластерінің даму үрдісімен: қолданыстағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытын модернизациялау жоспарымен, Аstana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендтік зауытының және автоқұрамдастарды локализациялау технопаркінің құрылыс барысымен танысты.

«Кім не десе де, қазақстандық автоөнеркәсіп, қаншама қарсыластары мен сыншылары болса да, автоөнеркәсіп ретінде аяғынан тұрды. Ол әрі қарай дами береді. Ал біз, үкімет ретінде, әрқашан қолдау көрсетеміз. Бизнестің өзінде дамуға, локализацияны арттыруға ұмтылыс бар. Біз қуатты автокөлік державасына айналуымыз керек», - деп айтты Олжас Бектенов.

Hyundai Trans Kazakhstan зауыты. Алматы индустриалды аймағы Фото: «Астана Моторс» баспасөз қызметінің мұрағаты

«Астана Моторс» еншілес кәсіпорны Hyundai Trans Kazakhstan автокөлік зауыты Hyundai Accent және Tucson екі моделін дәнекерлеу және бояу әдісімен ұсақ тораптық өндірісті меңгеріп алды. Қазіргі таңда компания өндіріс алаңын 40 мың шаршы м-ге дейін ұлғайтты және роботтандырылған жабдықты орнату арқылы цехтарды модернизациялауда, бұл өз кезегінде жаңа модельдерді дәнекерлеу мен бояу үшін ұсақ торапты өндіріс қуатын арттыруға мүмкіндік береді, атап айтқанда 2025 жылдың бірінші тоқсанынан бастап кәсіпорын Hyundai Santa Fe ұсақ торапты өндірісіне өтеді.

Осылайша, Hyundai Trans Kazakhstan өндіріс алаңы 40 мың шаршы метрге дейін ұлғаяды. Модернизацияға байланысты кәсіпорындағы жұмыс орны 1700-ге дейін өседі.

Компанияда құны 16,4 млрд теңге зауытты кеңейту жобасы толықтай «Астана Моторс» есебінен жүргізілетінін анықтап айтты. 

2025 жылдың бірінші тоқсанында «Астана Моторс» қуаты жылына 90 мың дана болатын Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауытында Chery, Changan және Great Wall Motors (GWM) автокөліктерінің өндірісін бастайды, олардың 60%-ын компания экспортқа шығарады. Компания кәсіпорында 3600 адам еңбек ететін болады деп уәде етіп отыр.

Салынып жатқан мультибрендтік зауыт. Алматы индустриалды аймағы Фото: «Астана Моторс» баспасөз қызметінің мұрағаты

Мультибрдендтік зауытқа салынған инвестицияның жалпы сомасы – 182 млрд теңге, оның 30%-ы  – «Астана Моторс» өз қаражаты, ал 70%-ы – ӨДҚ қаржы лизингі және ҚДБ кепілдігі құралдары арқылы жылына 9%-дық қойылыммен 15 жылға алған қайтарылатын қарыз қаражаты.

2024 жылдың тамызы мен желтоқсан айлары аралығында Алматыға әлемдік BMW, Toyota, Jaguar, Land Rover, Hyundai, BYD автоөнеркәсіп көшбасшыларына арналған жоғары технологиялық жабдық жеткізушісі Automotive Engineering Corporation (ҚХР) мультибрдентік зауыт үшін 1800 контейнер жабдық жібереді. Бұған қоса кәсіпорында Siemens (Германия), ABB (Швеция/Швейцария), Schneider (Франция), Omron (Жапония), Fanuc (Жапония) жабдықтары орнатылады.

Жаңа зауыттағы өндіріс екі қабатты алады, бұған қоса автоқұрамдастар қоймасы, сондай-ақ роботтандарылған дәнекерлеу, бояу, интерьер мен экстерьерді жинау цехы болады.

Компания баяндағандай, 2024 жылдың IV тоқсанында Алматы индустриалды аймағында Astana Motors Engineering технопаркі өз жұмысын бастайды: автокөлік орындықтарын, мультимедиа жүйелерін, полиуритан кілемшелерді, қанат астарларын, шашыратқыштарды өндіретін, қуаты жылына 100 мың құрамдас болатын үш кәсіпорын. Кәсіпорындарда 400-ге дейін қызметкер еңбек ететін болады. Жобаға салынған инвестиция мөлшері— 15,5 млрд теңге.

Hyundai Trans Kazakhstan зауыты. Алматы индустриалды аймағы Фото: «Астана Моторс» баспасөз қызметінің мұрағаты

 «Астана Моторс» автоөнеркәсіптегі техникалық анағұрлым кешенді даму кезеңіне өтіп жатыр және автоқұрамдастарды оңтүстік кореялық Youngsan және Motrex жетекші өндірушілермен бірлесін локализациялайтын болады. Біздің мақсат – 7 жыл ішінде локализацияны, оның ішінде басқа өндірушілермен өнеркәсіптік ынтымақтастықты 51% деңгейіне жеткізу. Осының арқасында отандық өндірілетін автокөліктердің құнын төмендетуге және қазақстандық инженерлік кадрлардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік болады», - деді «Астана Моторс» негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов.

Компания автоқұрамдастарды локализациялауға және қадам-қадаммен тереңдетуге және өндірілетін өнімдер ассортиментін айтарлықтай кеңейтуге бел буған. Компания орындықтардың көбік пішіндерін құюды, тысқаптарды, пластик бөлшектерді, отын бактарын, бәсеңдеткіштерді әзірлеуді жоспарлап отыр. 

Компания Алматы индустриалды аймағындағы автокөлік өнеркәсібі кластері шағын және орта бизнесті дамыту үшін құрамдастар өндірушілерінің, шикізат жеткізушілерінің тартылыс орталығына айналып бара жатыр және Қазақстандағы білікті инженерлік кадрлар мектебін қалыптастырады деген пікірде. Алматы индустриалды аймағындағы «Астана Моторс» кәсіпорындарындағы жалпы жұмыс орны 2025 жылы 6000-нан асады.