Hyundai Trans Kazakhstan Жеңілдікті автокредиттеу бағдарламасының автоөндірушілер тізіміне енгізілді.


Жеңілдікті автокредиттеу шеңберінде ұсынылған автомобильдер тізіміне "Hyundai Trans Kazakhstan"ЖШС шығарған Hyundai Sonata және Hyundai Santa Fe маркалары енгізілді және жақын арада тізімге Hyundai Accent және Hyundai Elantra автомобильдері енгізіледі.

"Жеңілдетілген несие берудің мемлекеттік бағдарламасы - бұл жаңа автокөлік сатып алғысы келетін азаматтарды қолдаудың қуатты құралы және отандық автоөнеркәсіптің дамуына қосқан баға жетпес үлесі", - деп атап өтті "Астана Моторс" компаниясының директоры Бекнұр Несіпбаев.

Бұған дейін сатып алушыларға "СарыарқаАвтоПром" ЖШС және "Азия Авто" АҚ шығарған "JAC", "Chevrolet", "Ravon", "УАЗ", "Hyundai", "Kia", "Skoda", "LADA" және т. б. брендтердің 42 моделі ұсынылған еді.1

«Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС шығаратын Hyundai Sonata, Hyundai Santa Fe, Hyundai Accent және Hyundai Elantra маркалы автомобильдерін ағымдағы жылдың мамыр айында екінші деңгейдегі банктерге («ForteBank» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Банк ВТБ (Қазақстан)»АҚ ЕҰ) берілген 20 млрд теңге (Ұлттық Банктің бағдарламасы) сомасындағы екінші транш шеңберінде ғана сатып алуға болатынын атап өткен жөн.

«Жеңілдетілген автокредиттеу бағдарламасы тек төмен мөлшерлеме есебінен ғана емес, сонымен қатар өз кезегінде автоөндірістердегі жұмыс орындарының сақталуына және автомобиль өндірісінің қарқынына оң әсер ететін автоөндірушілеріміз қуантатын қазақстандық құрастырылатын автомобильдердің жоғары сапасы есебінен де халық арасында үлкен сұранысқа ие. Осылайша, жеңілдетілген кредиттеу үлесі осы жылдың алты айының қорытындысы бойынша өндірістің жалпы көлемінің 17% құрады, ал өнеркәсіптік өндіріс индексі өткен жылға 148,6% құрады» - деп ҚДБ Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов пікірін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдан бастап ҚДБ Жеңілдікті автокредиттеу бағдарламасын қаржыландыруға жалпы сомасы 82 млрд теңге болатын алты транш қаржы қаражатын бағыттаған. Атап айтқанда, Ұлттық қордан 2015-2016 жылдары жалпы сомасы 26 млрд теңге екі транш, 2018-2019 жылдары жалпы сомасы 16 млрд теңге Республикалық бюджеттен екі транш. 2019-2020 жылдары ҚДБ облигациялар шығару арқылы Ұлттық Банктің бағдарламасы шеңберінде «Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ-тан 40 млрд теңгеге қарыз алуды жүзеге асырды.

Қазіргі уақытта автокредиттеу бағдарламасына 7 екінші деңгейдегі  банк («АТФ Банкі» АҚ, «Еуразиялық банкі» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ, «ЦентрКредитБанкі» АҚ «Forte Bank»АҚ) қатысады.  

Жеңілдікті автокредиттеу бағдарламасы бойынша кредит беру жаңартпалы сипатқа ие: қолданыстағы кредиттерді өтеуден түскен төлемдер жаңа қарыздарды беруге жұмсалады. Осындай қаражатты қайта игерудің арқасында қазақстандықтар жалпы сомасы 120 141 млн теңге қарыз алып, отандық құрастырылған 24 481 автомобильді жеңілдікті шарттармен сатып алған.

Сонымен қатар, ҚДБ Жеңілдікті автокредиттеу бағдарламасының операторы ретінде Бағдарлама (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан жүзеге асырылатын бағдарламаны қоспағанда)талаптарына кредиттік өтінімдердің сәйкестігін ҚДБ-да келісу рәсімін алып тастау арқылы  бағдарламаны жүзеге асыру шарттарын жақсартқанын еске саламыз. Шара өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту мақсатында енгізілді. Алайда ҚДБ қатысушы-банктердің қаражатты мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізуді жалғастырады.

Соңғы қарыз алушыларға жеңілдікті автокредиттер беру талаптарының критерийлері өзгеріссіз қалады:

  • бастапқы сыйақы мөлшерлемесі – жылдық  4% аспайды,
  • кредиттеу мерзімі  – 7 жылдан асырмай;
  • қарыз валютасы – теңге;
  • жеңіл автокөлік бірлігінің құны-15 млн теңгеден аспайды.

Жеңілдікті автокредиттеу бағдарламасы туралы толық ақпарат ҚДБ-ның www.kdb.kz сайтында орналастырылған.