HYUNDAI TRANS KAZAKHSTAN
«Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны Hyundai Trans Kazakhstan – Hyundai жеңіл автокөліктерін өндіретін толық циклды зауыт.
Өндіріс қуаты – жылына 50 мың автокөлік. 2022 жылы зауыт 37 205 автокөлік, 2023 жылы 48 857 автокөлік шығарды. 2024 жылы 9 айдың ішінде 29 138 автокөлік өндірді. 2020 жылдан бастап кәсіпорын барлығы 149 323 автокөлік шығарды.
Hyundai Trans Kazakhstan Hyundai маркасының 10 моделін шығарады – Tucson, Sonata, Elantra, Santa Fe, Palisade, Staria, i30, Bayon, i20, Custin. Hyundai Accent, Hyundai Tucson модельдерін дәнекерлеу мен бояу (ұсақ торапты өндіріс, CKD) әдісімен өндіру меңгерілді.
Hyundai Trans Kazakhstan зауытындағы барлық операциялар Hyundai Motor Company компаниясының қатаң бекітілген технологиялық процес негізінде жүргізіледі. Әрбір автомобиль Hyundai халықаралық стандарттарына сәйкестігі бойынша тексеруден өтеді.
2023 жылғы қарашада «Астана Моторс» компаниясы өндірістік алаңдарды кеңейту және цехтарды жаңғырту жобасына кірісті. Жоба мақсаты негізгі процестерді автоматтандыру, дәнекерлеу мен бояуды қамтитын жаңа модельдер өндірісін бастау үшін шағын торапты өндірістің өндірістік қуатын жылына 12 мыңнан 24 мың автомобильге дейін ұлғайту.
Жаңа цех пен PDI (pre-delivery inspection/сату алдындағы дайындық) цехының құрылысын қамтитын жаңғыртудың бірінші кезеңі биыл шілдеде аяқталды. Нәтижесінде Hyundai Trans Kazakhstan өндірісінің ауданы 6 мың шаршы метрге ұлғайды, бұл зауыттың жалпы аумағын 40 мың шаршы метрге дейін кеңейтті.
2024 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы наурызға дейін жоспарланған жаңғыртудың екінші кезеңі барысында кәсіпорында дәнекерлеу, бояу және құрастыру цехтары қайта жаңартылып, тағы бір модель – Hyundai Santa Fe-нің CKD өндірісі жолға қойылады.
Дәнекерлеу цехын жаңарту жоспарына 4 дәнекерлеу робот, 111 дәнекерлеу пистолет, автоматты конвейер, автоматты шатыр ролигі және Santa Fe моделі үшін дәнекерлеу өткізгіші кіреді. Жаңа жабдық сағатына 7 шанақ шығаруға мүмкіндік береді, бұл ретте әрбір шанақ 45 бөлікті дәнекерлеуді және 1624 дәнекерлеу нүктесін қолдануды көздейді.
Бояу цехында цехтың өнімділігін екі есе арттыруға және сағатына 6-7 шанақ бояуға мүмкіндік беретін қосымша және жаңа жабдықты орнату жоспарлануда. Мұнда катафорезді және өндірістік учаскелерді қолдану желілері (герметик, мастика және жылтырату) жаңғыртылады, лак-бояу жабынын кептіруге арналған жаңа пеш орнатылады, бояу камерасы жаңғыртылады. Сонымен қатар, жапондық Yaskawa өндірушісінің 6 роботы және шанақтарды бояу желісіне беру үшін автоматты конвейер орнатылады.
Құрастыру цехын жаңарту оның өнімділігін сағатына 6 автомобильге дейін екі есеге арттырады. Құрастыру желісінің ұзындығы 16-дан 27 құрастыру станциясына дейін артады. Шанақты тасымалдауға арналған EMS корпус аспалары бар автоматты конвейерлік желі орнату жоспарланған. Шанақтарды бояу цехынан құрастыру цехына тасымалдау үшін AGV робот тартқыштары пайдаланылады.
Жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталғаннан кейін зауытқа салынған инвестиция көлемі 47,6 млрд теңгені құрайды.
Бүгінгі күнге жұмыс орын саны – 1300. 2025 жылы Hyundai Trans Kazakhstan қызметкерлерінің штаты 1700 қызметкерге дейін өседі.
Тарихы
2020 жылғы 23 қазанда шанақтарды дәнекерлеу мен бояу, пластикалық бөлшектерді бояу цехтары, компоненттер қоймасы бар зауыт толыққанды іске қосылды. «Астана Моторс» Hyundai Trans Kazakhstan зауытын салу бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындады және жобаны пандемия жағдайында бір жыл ішінде іске асырды. Жаңа өндірісте жабдықтарды монтаждау процесіне Оңтүстік Кореядан 120-дан астам инженер кезең-кезеңімен қатысты.
Hyundai Trans Kazakhstan жобасы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қазақстан Даму Банкі, Өнеркәсіпті дамыту қоры, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясы және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен іске асырылды.
- «Tucson. Қазақстанда қалай жасалды» деректі фильмі: қазақ тілінде, орыс тілінде.
- Деректі фильмi «Шабыт толқынында: «Астана Моторс» 30 жасқа толды».