Дәнекерлеушілер күні құтты болсын! Алматыдағы Hyundai зауыттарында кәсіби мамандар қалай жұмыс істейді?
Бүгін біздің әріптестер кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр. Екі зауытымызда дәнекерлеуші мамандар жұмыс істейді. Дәнекерлеушілердің көмегімен Hyundai Trans Kazakhstan-да Hyundai Accent және Hyundai Tucson модельдеріне арналған шанақтар әзірленеді. Ал Hyundai Trans Auto-да жүк көліктеріне арналған кабиналар мен шанақтар дәнекерленеді.
Дәнекерлеу цехы – кәсіпорындардың ерекше мақтанышы. Ал енді Hyundai Trans Kazakhstan зауыты туралы айтып берейік.
Бұл жерде 50-ге жуық дәнекерлеуші және төрт рихтовшы жұмыс істейді. Біздің кәсіпорында автокөлік шанағын OBARA (Оңтүстік Корея) компаниясының жабдығымен дәнекерлейді.
Дәнекерлеуші болу үшін не істеу керек? Автокөлік шанағын дәнекерлеп бастамас бұрын жаңадан келген маман бригадирдің қарамағына өтіп, технологиялық процесті зерттейді.
Hyundai Trans Kazakhstan зауытында дәнекерлеуші маманның алғашқы қадамдары дәнекерлеу қысқашымен байланысты операцияларға көмектесуден басталады. Бұл дәнекерлеу жұмыстары қалай жасалатынын анық білу үшін қажет. Жас маман барлық кезеңдерден өтіп, өзіндік "емтихан" тапсырғаннан кейін ғана негізгі жұмысқа жіберіледі.
Дәнекерлеу жұмыстарынан кейін іске рихтовшы қосылады. Ол металл мен материалдарды түзетумен айналысатын маман. Оның жұмысына металлдың бетін тегістеу мен қажетті геометриялық көлемге келтіру кіреді.
Болашақ автокөліктің тұрқы Hyundai Trans Kazakhstan стандарттарына сәйкес сапаны бақылаудан өтеді. Содан кейін ол бояу цехына барады.
Әдетте “дәнекерлеуге қарамаңыздар, көзіңіз ауырады” деп айтады. Алайда бүгін ерекше күн! Дәнекерлеу жұмыстарын көзіңізге зиянын тигізбей-ақ біздің фотогалереямыздан көре аласыздар. Бұл әдемі және қауіпсіз. Өздеріңіздің айналаңыздағы таныс дәнекерлеуші мамандарды құттықтауды ұмытпаңыздар!