- Автокөлікті сатып алу үшін автокөлік бағасына енгізілмеген қосымша үстемеақылар мен өзге де төлемдерді төлеу талап етілмейді
- Автокөлікті сатып алу үшін Hyundai Ресми дилерлік орталығына жүгініп, автокөлік моделін таңдап, сатып алу-сату шартымен танысып, шарт жасасу қажет немесе «Онлайн сатып алу» қосымша беті арқылы автокөлікті сатып алу қажет.
- Жеңілдік сертификаттарын пайдалана отырып, Қазақстанда шығарылған Hyundai автокөліктерін сатуды «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС Hyundai Ресми дилерлік орталықтары арқылы жүзеге асырады. Қалған жағдайларда автокөліктер Дистрибьютор «Hyundai Auto Kazakhstan» ЖШС атынан Hyundai Ресми дилерлік орталықтары арқылы сатылады.
- Шарт Тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылуы мүмкін. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және/немесе сатып алу-сату шартында тікелей көзделген жағдайларда Тараптардың Шарттан біржақты тәртіппен бас тартуға құқығы бар.
- Сатып алушы автокөлікті қабылдау-тапсыру актісіне қол қоймау және/немесе осындай бас тарту туралы куәландыратын басқа да іс-әрекеттер жасау жолымен автокөлікті алудан негізсіз бас тартқан жағдайда, сатып алушыға автокөлік құнының 10% (он пайызы) шегеріле отырып, сатып алу-сату шартына сәйкес өзі төлеген ақша сомасы қайтарылады, бұл шегеру сатушы сатып алушы үшін автокөлікті резервтеуімен және оны басқа әлеуетті сатып алушыларға сатуға тыйым салуымен байланысты шеккен залалдарын өтейді. Сатушы өз қалауы бойынша, сатып алушының қосымша келісімінсіз, жоғарыда көрсетілген айыппұл сомасын ұстап қалмай, сатып алу-сату шартына сәйкес сатып алушы төлеген ақшаның толық сомасын қайтаруға құқылы.