"ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН". МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТЫН МАКСИМ ТАРАСОВ АЛДЫ.


Тарасов Максим Викторович 2000 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің "Маркетинг және коммерция" факультетін "Экономист-маркетолог" мамандығы бойынша бітірген.  Автомобиль саласындағы тәжірибе – 14 жыл. "Астана Моторс" компаниясында 2011 жылдан бастап жұмыс істейді. 2019 жылға дейін Hyundai Auto Kazakhstan сатудан кейінгі қызмет көрсету директоры болды.

Максим Тарасов "Астана Моторс" дамуына үлкен үлес қосты. Оның жетекшілігімен компания қызметкерлері Қазақстан өкілдері ретінде Hyundai сервистік кеңесшілерінің әлемдік чемпионатында екі қола жүлдеге ие болды. 2013 жылдан бастап Максим Викторовичтің белсенді қатысуымен Hyundai Auto Kazakhstan "Еуропадағы және ТМД-дағы үздік дистрибьютор", "Еуропадағы кепілдікті қызмет көрсету жөніндегі үздік дистрибьютор", "Еуропадағы сервистік қызмет көрсету жөніндегі үздік дистрибьютор" сияқты бірқатар құрметті марапаттарға ие болды.

2019 жылы Максим Тарасов отандық автоөнеркәсіпті дамытудың стратегиялық нысаны – Hyundai Trans Kazakhstan зауытын басқарды 

Максим Тарасовтың қатысуымен Hyundai Trans Kazakhstan зауытында 2019 жылдан бастап интеграцияланған сапа менеджменті жүйесі, сондай-ақ кәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың экологиялық менеджменті жүйесі (ИСО 9001, ИСО 14001) енгізілді. Интеграцияланған жүйені құру кезінде кәсіпорын басшылығы халықаралық стандарттардың талаптарына және зауыттың перспективалық дамуына жауап беретін сапа, экологиялық және кәсіби қауіпсіздік саласындағы жаңа саясатты анықтады.

Фотосуретті Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі ұсынды.